Еуро

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Еуро
200 Euro.Recto.printcode place.png
ISO 4217 Коды EUR
Қолданушы(лар) Аустрия, Бельгия, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Португалия, Нидерланд, Словения, Словакия, Финляндия, Франция, Эстония
Subunit
1/100
Нышаны
Coins
Freq. used 1, 2, 5, 10, 20, 50 цент, €1, €2
Banknotes €5, €10, €20, €50, €100, €200, €500
Еуро 2015

Еуро (символы: €, банк коды: EUR) — Еуропа Одағындағы 19 елдің (Аустрия, Бельгия, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Португалия, Нидерланд, Словения, Словакия, Финляндия, Франция, Эстония) ресми валютасы. Сондай-ақ еуро 9 мемлекеттің, соның ішінде Еуропада орналасқан 7 мемлекеттің ұлттық валютасы болып табылады. Алайда, Еуропалық одақтың қатысушыларына қарағанда, осы 9 мемлекет Еуропалық орталық банктің ақша-несие саясатына әсер ете алмайды және өз өкілдерін олардың жетекші органдарына бағыттай алмайды.

Еуровалюта[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуровалюта (ағылш. eurocurrency;) Елден тыс жерде, осы валютаның эмитентімен, коммерциялық банктер ақшасыз депозиттік-несиелік операцияларды жүзеге асыратын шетелдік валюталар. Осылайша Ұлыбритания немесе Германия банктерінің шотындағы АҚШ доллары еуродолларлар, Люксембург немесе Швейцария банктерінің шотындағы неміс маркалары — еуромаркалар деп аталады. Осы сықылды еурофранктер, еурогульдендер, еурофунттар, еуроиендер және т.б. болады.

Еуродолларлар[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуродолларлар (ағылш. eurodollars) Қожайындары негізінен АҚШ шегінен тыс еуропа банктерінде орналастырған және соңғысы кредиттік операциялар үшін қолданатын Америка долларлары түріндегі ақша қаражаты.

Еурокредит, еуронесие[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еурокредит, еуронесие (ағылш. eurocredit;) Дамыған елдердің ірі коммерциялық банктері, еуровалюталық рыногы есебінен ұсынатын халықаралық қарызы.

Еурооблигациялар[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еурооблигациялар (ағылш. eurobonds;) Еурорыноктан ұзақ мерзімдік қарыз алу кезінде қарыз алушы шығаратын борыштық міндеттеме; құнды қағаздардың бір түрі. Оларда қарыз сомасы, датасы және оны төлеу шартына қатысты ақпарат болады.

Еурорынок[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еурорынок (ағылш. Euromarket, Eurocurrency market;) Операциялар еуровалюта түрінде жүзеге асырылатын несиелік капиталдың халықаралық нарқы.

Еурочек[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еурочек (ағылш. Eurocheque Card) «Еурочек» еуропалық банк жүйесінің қатысушы елдерінің кез келгенінде төлемге қабылданатын чектер. Еурочектерді ендіру мақсаты — туристерге қызмет көрсетуді жақсарту. Банктер еурочектерді оның иесіне ешбір алдын ала ақша жарнасынсыз береді және бір ай мерзімге дейін, банкілік кредит есебінен төленеді. Еурочекті төлейтін банк, бұл үшін комиссиялық ақша алады.[1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Тағы қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу]