Орыс әліпбиі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search

Орыс әліпбиі - ұлттық орыс тілінің жазба және баспа тұлғасы жасалатын графикалық белгілері - әріптері жиынтығының белгіленген ретпен орналасуы. 33 әріп бар. Жазбаша тұлғадағы әріптердің көпшілігі графикалық жағынан баспалық тұлғадан өзгеше.[1]

А а Б б В в Г г Д д Е е Ё ё
Ж ж З з И и Й й К к Л л М м
Н н О о П п Р р С с Т т У у
Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ
Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я

Орыс әліпбиі, орыс алфавиті — орыс тілінің әліпбиі. Орыс әліпбиі болгар, серб әліпбилері сияқты кириллица негізінде қалыптасты. Тарихи даму барысында оған бірнеше рет реформа жасалды. 1708 ж. Петр I орыс жазуын жеңілдету мақсатымен орыс әліпбиінен 8 әріпті ("пси", "кси", "оме- га", "ижица", "юс", "ферт", "земля", "иле") және екпін белгілерін ("титлы", "силы") шығарып, әріптердің түрін өзгертті. 1918 ж 10 октябрьдегі халық Комиссалары Кеңесінің Декреті бойынша сөз аяғында қатаң дауыссыздан кейін келетін "ять", "ита", "десричное" таңбалары алынып тасталады. Бұл реформалардың аралығында орыс әліпбиіне "й" және "е" әріптері қосылды. Қазіргі орыс әліпбиі орыс сөздерінің фонематикалық, морфологиялық жүйесін толық сақтай отырып, хатқа түсіруге жеткілікті 33 әріптен тұрады. Жуандық (ъ) және жіңішке (ь) белгілері ешбір фонеманы таңбаламайды, тек өзінен кейінгі дауыстының алдында "й" дыбысы естілетінін не өзінің алдындағы дауыссыздың жуан я жіңішке екенін білдіреді. Бұрынғы КСРО халықтарының көпшілігі өз ана тілінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін белгілейтін қосымша әріптер ала отырып, орыс әліпбиін (армян, грузин, эстон, фин халықарынан басқалары) қабылдады.[2]

Тағы қараныз:[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3