Басты бет
|
|
Таңдаулы мақала АИВ/ЖИТС — адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын, ауру белгілері ұзаққа байқалмайтын дертті жағдай. Ауру үдегенде адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез, оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін. Бұл белгілерінің жиынтығын жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп атайды. АИВ бірінші кезекте қорғаусыз секс (анал және орал сексі кезінде де қан, былазық, шәует, қынап шырышы арқылы), қан құю, ине арқылы, сондай-ақ жүктілік, босану не емізу кезінде анадан балаға беріле алады. Вирус сілекей, тер, жас секілді дене сұйықтығы арқылы адамнан адамға берілмейді. Алдын алу шаралары: қорғаулы секс, ине алмасу бастамасы (қолданылған инені жаңасына тегін алмастыру), жұқтырғандарды емдеу, жұқтыруға дейінгі және кейінгі профилактика және ерлерді сүндеттеу. Антиретровирусты терапия ауру ағымын баяулатып, өмір сүрудің әдеттегі ұзақтығына әкелуі мүмкін. Жақсы мақала Үйде жалғыз қалғанда (ағылш. Home Alone) — 1990 жылы Джон Хьюз жазған сценарий бойынша түсірілген америкалық жаңа жылдық комедия. Туынды режиссері – Крис Коламбус. Басты рөлді Маколей Калкин сомдаған. Сыншылар фильм жайлы аралас пікір білдірген. Фильм Солтүстік Америкада шығарылған жаңа жылдық комедиялар арасында ең мол касса жинаған. Сонымен қатар фильм АҚШ кинематографы тарихындағы ең мол касса жинғана комедия ретінде рекорд орнатқан. Бұл рекорд 2011 жылы «Бас жазу: II бөлім» кинофильмі шыққанға дейін ұсталып тұрған. Картина төрт сиквелден тұратын франшизаның негізі болды, олардың екеуі ғана бір-бірімен байланысы бар фильмдер. Алғашқы актерлық құрам тек «Үйде жалғыз қалғанда: Нью-Йоркте адасу» фильмінде сақталған. Ал қалған екі сиквел толықтай дербес фильм. Тәулік суреті Аптаның бірлескен жұмыстары
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!
|
Білгенге маржан
Жаңалықтар
Бүгін — 9 тамыз Мейрамдар
Оқиғалар
Дүниеге келгедер
Қайтыс болғандар
|
Уикипедия еркін өңдеуге, көшіруге және таратуға болатын көп тілді энциклопедия. Барлығы 110 688 ерікті қатысушы қазақ тілінде 228 695 мақала жазды және сол мақалаларды өңдеді.
Уикипедия сізді қоса алғанда баршаға ашық. Қазақша ашық және тегін білім қорын кеңейту үшін қауымдастыққа қосылып Уикипедияға үлесіңізді қосыңыз.