Мавритания
Координаттар: 20°40′00″ с. е. 10°41′00″ б. б. / 20.66667° с. е. 10.68333° б. б. (G) (O) (Я)
Мавритания Исламдық Республикасы араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية (әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания) француз тілінде: République Islamique de Mauritanie |
|||||
|
|||||
Ұран: «Honneur, Fraternité, Justice» | |||||
Мавритания ұлттық әнұраны | |||||
Тәуелсіздік күні | 28 қараша 1960 (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ресми тілі | араб тілі, француз тілі | ||||
Елорда | Нуакшот | ||||
Ірі қалалары | Нуакшот | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президент Премьер-министр |
Мохаммед ульд Абдель Азиз Яхья ульд Хадемин |
||||
Мемлекеттік діні | ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 28-орын 1 030 700 км² 0,03 |
||||
Жұрты • Сарап (2012) • Санақ (1988) • Тығыздығы |
3 359 185 адам (135) 1 864 236 адам 3 адам/км² |
||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2008) • Жан басына шаққанда |
6,221 млрд. $ (146) 2 052 $ |
||||
Валютасы | угия | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .mr | ||||
ISO коды | MR | ||||
ХОК коды | MTN | ||||
Телефон коды | +222 | ||||
Уақыт белдеулері | +0 |
Мавритания (араб.: موريتانيا – «әл-Муритания» ), толық атауы Мавритания Ислам Республикасы (араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية – «әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания») — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы - 3 359 185 адам (2012 ж.). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы — Нуакшот қаласы. Ресми тілі — араб тілі. Діни сенімдері бойынша ислам сүнниттері. Конституциясы бойынша елді президент басқарады (1997 жылдан Мауйя Ульд Сид Ахмед Тайя). Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент — Сенат пен ұлттық жиналыс. Ұлттық мерекесі — 28 қараша — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша өлшемі — угия.
Әкімш. жағынан 12 ауданға бөлінеді. 1961 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБө) мүше.
Географиясы[өңдеу]
Мавританияның жерінің көпшілігін Батыс Сахараның құмды және тастақты шөлі алып жатыр. Батыс жағынан Атлант мұхитымен жуылады. Солтүстік-батысында Сахара Араб Демократиялық Республикасымен, оңтүстік-батыста Сенегалмен, солтүстік-шығыста Алжирмен, оңтүстігінде және шығысынла Малимен шекараласады. Елдің солтүстігінде Адрар қыраты (биік жері Амоззага тауы, 732 м), оңтүстігінде Тагант, Асаба құмды үстірттері (орташа биікт. 300 — 400 м) бар. Қыраттар мен үстірттер айнала шөлге жалғасады. Басты өзені — Сенегал (оңт. шекарасымен өтеді).
Климаты[өңдеу]
Климаты тропиктік шөлді, қаңтардағы орташа температура 16 — 20°С, шілдеде 30 — 32°С. Батыс жағалауының климаты мұхит әсерінен ылғалды, тұманды келеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100 — 400 мм, солт.-шығысында 50 мм.
Табиғаты[өңдеу]
Шөл және шөлейт далаға тән өсімдіктер ғана өседі.
Тарихы[өңдеу]
Мавританиянің ежелгі замандағы және орта ғасырлардағы тарихы жете зерттелмеген.
- 7 — 11 ғ-ларда М-нің оңтүстік бөлігі Батыс Африканың орта ғасырлардағы мемлекеттерінің (Гана, Текрур) құрамына кірді, ал Солтүстік Мавритания жерінде санхаджа-берберлердің мемлекет бірлестігі өмір сүрді.
- 11 ғ-дың орта шенінде Мавритания жерінде Альморави әулеті билеген күшті мемлекет құрылды, бұған Мавританиямен бірге Марокко және Батыс Алжир аумағы да қарады.
- 14 — 15 ғ-ларда елге арабтардың макиль тайпасы басып кірді, бұл Мавритания халқының ислам дінін қабылдауын жеделдетті.
- 15 ғ-да Мавританияға еуропалықтар да біртіндеп келе бастады.
- 1788 ж. Мавритания жағалауы Францияға мүдделі болды.
- 19 ғ-дың орта шенінде Франция Мавританияны отарлауға белсене кірісті.
- 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мавританияны азат ету жолындағы күрес жаңа қарқынмен бүкіл елді қамтыды.
- Франция үкіметі 1958 ж. Мавританияға автономия беруге мәжбүр болды.
- 1958 ж. Мавритания қайта топтасу партиясы құрылды.
- 1960 ж. 28 қарашада ел тәуелсіздігі жарияланды.
- Мавритания Араб мемлекеттері лигасының мүшесі.
- 1960 — 80 ж. халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп, елде толқулар, 1978 — 84 ж. бірнеше рет әскери төңкерістер болды.
- 1991 ж. сыртқы күштердің қысымымен елде демократия өзгерістер жүзеге асырылды.
- Саяси тұтқындар босатылып, жаңа конституция қабылданды.
Экономикасы[өңдеу]
Мавритания — аграрлы ел. Солтүстік және Орталық Мавританияда көшпелі мал шаруашылығы, ал Сенегал өзен аңғарында егін шаруашылығы басым дамыған. Басты дақылдары: африка тарысы, сорго, құрма ағашы, жүгері, бұршақ, жер жаңғағы.
Өнеркәсібінде темір кенін өндіру басты орын алады. Балық шаруашылығы жақсы дамыған. Экспортқа балық өнімдерін, темір кенін, алтын шығарады.
- Шеттен мұнай, машина, құрал-жабдықтар әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Германия, Жапония, Италия, Испания, Бельгия, араб елдері[1].
Дереккөздер[өңдеу]
|
|
|
|
|
|
|