Деметра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Деметра

Деме́тра (ежелгі-грек. Δημήτηρ, немесе Δηώ) — ежелгі-грек мифологиясында құнарлықтың құдайы, егін шаруашылығының қорғаушысы. Олимпиялық пантеонның ардақты құдайы.

Этимология, тарих, мифология[өңдеу]

Деметраның аты «Жер-Ана» дегенді білдіреді(грек. da/ga, «жер»: Demeter —«Жер-Ана»).

Деметра — Кронос пен Реидің екінші қызы, Персефонның анасы, Аидтың әйелі. Зевстың әпкесі және жақсы көретін әйелі; Гераның, Гестияның, Аидтың және Посейдонның әпкесі. Аңыз бойынша, Деметраны әкесі Кронос жеп тастады. Деметра туралы мифологияда ең басты аңыздың бірі – Аидтың Персефона деген қызын ұрлап кетуі туралы.

Аңыздардың бір нұсқасы бойынша Деметра мен Иасионда Филомел атты баласы болған. Және басқа нұсқалар бойынша Диодордан Эвбулей деген баласы болған.

Деметра Аидтан некелік сый ретінде Сицилияны алған. Гераклдың құрметіне Кішкентай мистерияларды алу арқылы, кентаврлардың өлімінен құтқарды.

Деметра өте әдемі, шашының түсін піскен бидайдың түсіне теңеген.

Деметраға теңеулер[өңдеу]

Әдебиет пен өнер[өңдеу]

Өнерде Деметра екі кейіппен бейнеленген: жас қыз және қайғырушы әйел.

Деметраға арнап, Гомердің V және XIII әнұрандары жазылған. Аристийдің «Деметра» атты пьесасы бар.

Астрономия[өңдеу]

1895 жылы ашылған астероид Деметраның құрметіне атанған.

Деметраға "Қыз" шоқжұлдызы арналған.